2025–2026 оқу жылына оқушыларды қабылдау басталды! "Сыни ойлау мектебі" – баласының болашағына мән беретін ата-аналар үшін ашық. Біздің мектепке тіркелу – сіздің балаңыздың сыни ойлайтын, ашық әрі жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына жасалған алғашқы нақты қадам.
Байланыс нөміріңізді қалдырыңыз – біз сізге хабарласамыз.
Немесе бізбен жеке байланысқа шығыңыз!
+7 (701) 125 90 35
Қабылдау ережелері:
Оқушылар 1–4 сынып аралығында қабылданады
Әр сыныпта 12-14 оқушы (шағын топтар)
Қабылдау әңгімелесу, дағдыны анықтау тапсырмасы, және ата-анамен сұхбат арқылы жүзеге асады
Оқушының қазіргі даму деңгейі емес, оқуға деген ынтасы, ойлау қабілетінің бағыты, және психоэмоциялық дайындығы назарға алынады
Құжаттар тізімі:
Баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі)
Ата-ананың жеке куәлігі (көшірмесі)
3х4 фото – 2 дана
Денсаулық паспорты (026/у-3 және 063/у формалары)
Мектепке дейінгі немесе бұрынғы мектептен анықтама (бар болса)