Әдістеме
"Сыни ойлау мектебінде" біз дәстүрлі жаттауға емес, ойлауға, сұрақ қоюға, талдауға және шешім қабылдауға үйретеміз. Оқу процесі баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамытуға бағытталған – бұл біздің басты әдістемелік ерекшелігіміз.
Әдістеме
"Сыни ойлау мектебінде" біз дәстүрлі жаттауға емес, ойлауға, сұрақ қоюға, талдауға және шешім қабылдауға үйретеміз. Оқу процесі баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамытуға бағытталған – бұл біздің басты әдістемелік ерекшелігіміз.
Байланыс нөміріңізді қалдырыңыз – біз сізге хабарласамыз.
Немесе бізбен жеке байланысқа шығыңыз!
+7 (701) 125 90 35
Сыни ойлау дегеніміз не?

Сыни ойлау – бұл ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны сұрыптап, салыстырып, өз ойыңды дәлелмен жеткізу қабілеті. Бұл – болашақта қажет болатын шешім қабылдау, жауапкершілікпен ойлау және саналы әрекет ету дағдыларының негізі.

Біздің қолданатын әдістеріміз:
  • TRIZ (ТРИЗ)
    Шығармашылық мәселелерді шешу теориясы. Баланы қалыптан тыс ойлауға, қиын жағдайдан ерекше шешім табуға үйретеді.
  • Bloom Taxonomy
    Сұрақ қою арқылы оқушының білімін тереңдету. «Не? Қалай? Неліктен? Егер... болса ше?» сияқты сұрақтар арқылы баланың таным деңгейін дамытамыз.
  • Design Thinking (Дизайн-ойлау)
    Шынайы өмірдегі мәселелерді шешуге бағытталған әдіс. Балалар нақты бір жағдайға байланысты идея ұсынып, оны модельдеп, сынап көреді.
  • Project-Based Learning (PBL)
    Балалар тақырып бойынша жоба жасап, оны қорғау арқылы терең білім алады. Бұл тәсіл – топтық жұмыс, зерттеу және презентация дағдыларын дамытады.
  • Socratic questioning (Сократтық әдіс)
    Мұғалім оқушының ойын нақтылай түсуге көмектесетін сұрақтар қояды. Бұл әдіс – терең ойлау мен дәлелге сүйенуді қалыптастырады.
  • Debate & Discussion
    Оқушылар өз көзқарасын дәлелдеп үйренеді. Әр тақырып төңірегінде пікірталас жүргізіледі.
Оқыту форматы:
  • Интерактивті сабақтар
    Баланың белсенді қатысуы – басты талап.
    01
  • Жобалық жұмыстар
    Теорияны тәжірибемен ұштастыру.
    02
  • Ойын арқылы оқыту
    Әсіресе 1–2 сыныпта логикалық ойындар, рөлдік ойындар арқылы ойлау қабілеті дамиды.
    03
  • Рефлексия
    Әр сабақ соңында бала не үйренгенін, қандай сұрақтары қалғанын айтып үйренеді.
    04
Нәтиже:
Біздің әдістеме арқылы бала:
  • Ақпаратты жай жаттамай, түсініп, талдап, пайдалана алады
  • Жеке ойын нақты және дәлелмен жеткізуді үйренеді
  • Топпен және жеке жұмыс істеуге дағдыланады
  • Жауапкершілік, дербестік және қызығушылық қалыптастырады
Жылдам байланыс

Қызықтырып тұр ма? Төменге байланыс нөміріңізді қалдырыңыз – біз сізге хабарласамыз.

Made on
Tilda