Мақсатымыз – әр баланың жеке қабілетін дамытып, саналы, сыни ойлайтын тұлға қалыптастыру.
Байланыс нөміріңізді қалдырыңыз – біз сізге хабарласамыз.
Немесе бізбен жеке байланысқа шығыңыз!
+7 (701) 125 90 35
Құндылықтар:
Еркін ойлау
Ынтымақтастық
Жауапкершілік
Ашықтық
Ынтымақтастық
Жаңашылдық
Сыни ойлауға негізделген бағдарлама
Ойлау қабілеттерін дамытуға арналған арнайы әдістеме
Шағын сыныптар
Әр балаға жеке көңіл бөлінеді
Әр балаға жеке көңіл бөлінеді
Логика, IT, эмоциялық интеллект, қаржылық сауаттылық
Ашық орта
Баламен және ата-анамен серіктестік
Бағдарламалар
"Сыни ойлау мектебі" – бала дамуының басты кезеңі саналатын бастауыш сатыда заманауи, терең әрі тұлғалық дамуға бағытталған оқу бағдарламасын ұсынады. Біз ұсынатын бағдарламалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сай, бірақ дәстүрлі оқытудан өзгеше – сыни ойлау, зерттеу, жобалау және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған
1–4 сыныптарға арналған
негізгі оқу бағдарламасы:
1-сынып
Білімге деген қызығушылықты ояту. Оқу мен жазуды меңгеру. Негізгі дағдыларды қалыптастыру: тыңдау, сұрақ қою, жауап беру, салыстыру.
2-сынып
Байланысты ойлау, логикалық реттілік құру, себеп-салдарды түсіну. Шағын зерттеу жұмыстары мен ойын форматындағы тапсырмалар.
3-сынып
Жобалық жұмыстарға кіру. Күрделі мәтіндермен жұмыс, пікірталас, аргумент келтіру. Жеке және топтық тапсырмалар.
4-сынып
Сыни және креативті ойлау дағдыларын бекіту. Дәлелмен сөйлеу, талдау, өз ойын нақты құрылымда жеткізу. Оқушының жеке портфолиосын қалыптастыру.
Сыни ойлауға негізделген әдістер:
ТРИЗ, Bloom Taxonomy
Design Thinking (дизайн-ойлау)
PBL – Project Based Learning (жобаға негізделген оқу)
Socratic questioning – сұрақ қою арқылы ойлау
Debate & Reasoning – пікірталас, дәлелмен сөйлеу
Қосымша пәндер мен бағыттар:
Логика және ойлау қабілетін дамыту
Балалар логикалық тапсырмалар арқылы себеп-салдар байланысын анықтауға, шешім қабылдауға үйренеді.
Базалық IT және цифрлық сауаттылық
Интерактивті платформалар арқылы ойынды, анимацияны, қарапайым кодтарды үйрену.
Ағылшын тілі
Балаларға арналған коммуникативтік әдіспен – тыңдау, сөйлеу, ойын арқылы үйрену. 1-сыныптан бастап.
Қаржылық сауаттылық
Ақша деген не? Қарапайым бюджет құру, үнемдеу мен жоспарлау туралы білімдер (жас ерекшелігіне сай).
Эмоциялық интеллект (EQ)
Өз эмоциясын тану, басқару, өзгелердің көңіл-күйін түсіну және сыпайы қарым-қатынасқа үйрету.
Креативті сабақтар, үйірмелер:
· Арт-студия (сурет, мүсіндеу) · Музыка (вокал) · Драма және сахналық өнер · Домбыра · Шахмат · Қазақша күрес
Апталық оқу кестесі мысалы:
Дүйсенбі
Негізгі пәндер
Математика, Ана тілі
Қосымша пәндер: Логика, Сурет
Сейсенбі
Негізгі пәндер
Жаратылыстану, Әдебиет
Қосымша пәндер: IT, Ағылшын
Сәрсенбі
Негізгі пәндер:
Қазақ тілі, Математика
Қосымша пәндер: Эмоциялық интеллект, жылдам оқу
Бейсенбі
Негізгі пәндер
Оқу сауаттылығы, Жазу
Қосымша пәндер: Қаржылық сауаттылық, Арт
Жұма
Негізгі пәндер
Жоба қорғау, Қайталау
Қосымша пәндер: Музыка, Драма
Ескерту: нақты кесте сыныпқа және бағдарламаға байланысты өзгеруі мүмкін
Жеке оқыту траекториясы
Әр оқушының оқу қарқыны мен қызығушылығына сай жеке оқыту жоспары жасалады. Бала өзіне ыңғайлы тәсілмен материалды меңгеріп, өзін еркін сезінетін ортада дамиды.
Біз оқу үдерісіне тек оқушыны ғана емес, ата-аналарды да серіктес ретінде тартамыз. Олардың кері байланысы, ұсыныстары, үйдегі қолдауы – баланың дамуына үлкен әсер етеді.
Жылдам байланыс
Қызықтырып тұр ма? Төменге байланыс нөміріңізді қалдырыңыз – біз сізге хабарласамыз.